Облыс әкімдігі мен мемлекеттік органдар басқармалары басшыларының қатысуымен болған жиынның күн тәртібінде жан-жақты тақырыптар көтерілді.
Кәмелетке толмағандар арасында, дене шынықтыру және спорт саласында экстремизм мен терроризмнің алдын алудың 2024 – 2026 жылдарға арналған жол карталарын іске асыру, сондай-ақ этносаралық саладағы жанжалды болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы талқыланды.
Өткізілген іс-шаралар бойынша мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ әкімдік басқармаларының басшылары есеп берді.