Бүгін Қостанайда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кең көлемде аталып өтті. Салтанатты кешке облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, мәдениет майталмандарын құттықтады.
Тобыл төрінде ғалымдар бас қосты
Қостанайға ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының Президенті Бақытжан Жұмағұлов келді. Инженерлік-техникалық кадрларды даярлаудың жаңа тәсілдері, ғылымның өндіріспен практикалық байланысын дамыту тақырыбында Президиумының кеңейтілген көшпелі отырысын өткізді. Облыс орталығындағы бірқатар өндіріс орындарын аралады.
Қостанай облысында 4 700-ден астам түлек мектеппен қоштасты
Қостанай облысының барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, 4 700-ден астам түлек мектеппен қоштасты. Биылғы бітірушілердің ішінде 228 оқушы – «Алтын белгіге», 290 түлек – үздік аттестатқа үміткер.
Жоба шеңберінде көше жөнделіп, жарықтандыру жүргізіледі
Қостанай облысында «Жарқын ауыл» жобасы жалғасуда. Меңдіқара ауданына қарасты Харьков ауылында үш жақты меморандумға қол қойылды.
Ана тілі – ұрпаққа аманат: ата-ананың таңдауындағы тағдыр
Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған ең өзекті мәселенің бірі – қазақ отбасыларының өз баласын қазақ мектебіне беруден бас тартуы. Бұл тек бір мектеп немесе бір отбасының ғана мәселесі емес. Бұл – ұлттың келешегін айқындайтын, тіліміздің тағдырын шешетін күрделі ахуал.
Облыс мектептерінде бірыңғай сынып сағаты өтті
Қостанай облысында 113 мың оқушы оқу жылын аяқтайды. Бүгін, 23 мамырда, облыстың және еліміздің барлық мектептерінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті.
Ыбырай кітапханасы балаларға арналған онкүндікті тәрбиелік іс-шарамен бастады
Қазақстанда Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар онкүндігі басталды. Оған алғашқылардың бірі болып Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы үлес қосты.
Олжас Бектенов ЖЭК дамыту мәселелері жөніндегі энергетикалық кеңестің отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар басшылығы, энергетика секторы компаниялары және энергетика саласындағы сарапшылардың қатысуымен жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту мәселелеріне арналған Энергетикалық кеңестің отырысын өткізді.
Қостанайлық боксшы Бексұлтан Қайратұлы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қостанайдың Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Бексұлтан Қайратұлы Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.
Оқу-ағарту министрі қазақстандық оқушыларды 2024-2025 оқу жылының аяқталуымен құттықтады
Бүгін еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде «Білімім — Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып сағатының аясында министр барлық мектеп оқушыларын 2024-2025 оқу жылын табысты аяқтауларымен құттықтады. Биылғы оқу жылы толағай табыстар мен жарқын жетістіктерге толы болды.