«Келешек мектептері» – бұл жай ғана құрылыс нысандары емес, ұлттың ертеңіне бағытталған рухани-интеллектуалдық инвестиция. Ата-ана ретінде де, бұған дейін мектепте жұмыс істеп, бүгінде мәдениет саласында еңбек етіп жүрген азамат ретінде де мен бұл бастаманы ерекше маңызды деп санаймын. Әсіресе ауылдағы оқушылардың заманауи білім беру ортасымен қамтылуы – стратегиялық әрі әділетті қадам.
Мәдениет майталмандарын марапаттады
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, осы саланың ілгерілеуіне үлес қосқан өңірдегі бірқатар азаматқа «AMANAT» партиясы облыстық филиалы төрағасы Алмат Досмұхамедовтің және партия жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық кеңесінің төрайымы Кенжеш Оразғалиқызының құттықтаулары табыс етілді.
Қостанайлықтар республикалық байқауда номинация иегері атанды
Астанада өткен «Рухани қазына — 2025» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалінде облыстық халық шығармашылығы орталығы «Үздік облыстық мәдени-демалыс кешені» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, арнайы дипломмен марапатталды.
«Студент көктемі – 2025»: Жарқын жастық, шалқар шабыт, дархан достық мерекесі
Бүгін жастар үшін ерекше күн болды. Қостанайда өтіп жатқан «Студент көктемі – 2025» фестиваліне куә болу олардың бойына шын мәнінде, үлкен қуаныш пен шабыт сыйлады. Бұл фестиваль облыстың түкпір-түкпірінен келген студенттерді бір ортаға тоғыстырды.
Жанкелдин ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлері күні салтанатты түрде аталып өтті
Биыл Жанкелдин аудандық мәдениет бөлімі үшін мазмұны терең, жетістігі мол жыл болды. Алаш көсемі, ұлт ұстазы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы аясында аудан өнерпаздары елорда Астана мен Қостанай қалаларында мәдени-рухани іс-шаралар өткізіп, халықтың рухын көтеруге үлкен үлес қосты.
Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан стандарттау және метрология саласындағы іс-қимыл жоспарын мақұлдады
2025 жылдың 20 мамырында Астанада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Өзбек техникалық реттеу жөніндегі агенттігінің делегациясымен ресми кездесу өткізді.
Арқалықта «Тіл шебері» байқауы өтті
Ұлт ардақтысы М.Дулатұлының 140 жылдығына орай қалалық «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөліміне қарасты «Тілдерді оқыту» орталығының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған байқау үш тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында көрініс тапты.
«Электронды еңбек биржасы» платформасында жаңа бөлім іске қосылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы 20 мамырдан бастап «Электронды еңбек биржасы» платформасында (enbek.kz) жазға қосымша жұмыс тапқысы келетін мектеп оқушылары үшін «Менің жазғы демалысым» бөлімі жұмыс істейтінін хабарлады.
Торғай үні Қостанайда әуеледі
Торғайлық өнерпаздар облыс орталығында концерт береді дегеннен бері елді сағынған көрерменде тағат болмады. Соның дәлелін Жастар сарайында өткен концерттен көрдік. Зал лық толды. Жүгіріп билет алған халық құшақ-құшақ гүлін де ала келіп, жайғасып жатты. Сонымен Қостанайды ән құшағына бөлеген торғайлық өнерпаздар «Туған жер үні» атты концертімен көрерменін қуанышқа бөледі.
Өнер майталманы Мемлекет басшысының қолынан марапат алды
Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншісі, Мәдениет саласының үздігі Манапбек Сапарбайұлы Кәдіров ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденінің иегері атанды.