Қазақстанның мерекелік күнтізбесі биыл тағы бір жаңа мерекемен толықты. Бұл – 23 сәуір Ұлттық кітап күні. Мемлекет басшысы үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына сәйкес Ұлттық кітап күні мерекесі жарияланды. Мерекелік күнтізбелер қатарына кірген осындай атаулы күннің еліміз үшін маңызы өте зор.
Жаңа заң несімен тиімді?
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін реттеуге қатысты наурыз айында жаңа заң қабылданған болатын. Осы мақсатта Экономикалық тергеу департаменті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабының нормаларын түсіндіру үшін бизнес өкілдерімен кездесті.
Қостанайда республикалық «Qaisar» әскери-патриоттық жобасының іріктеу кезеңі өтті
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыру – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Аталған жоба – жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін күшейтуді, олардың бойында төзімділік, жауапкершілік, тәртіп пен ұйымшылдық қасиеттерін дамытуды көздейді.
Қазақстан кітапханалары жайлы деректер жарияланды
ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 3920 қоғамдық кітапхана жұмыс істеген, онда 10 мыңнан астам қызметкер еңбектенеді.
Қостанайда маршрут бағыттары уақытша өзгертілді
Қалалық ТКШ бөлімі ертеңге дейінгі Абай даңғылындағы жөндеу жұмыстарына байланысты қиылыстардың жабылғаны туралы хабарлайды. Осыған орай №3, №7, №13, №25, №120 маршруттарының қозғалыс сызбалары өзгертілді.
Жаңа Салық кодексі жобасына кітап шығаруды ҚҚС-тан босату туралы норма енгізілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысты қолдап, «Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек», деп нақты тапсырма берген болатын. Осы орайда, «AMANAT» партиясының бастамасымен Жаңа Салық кодексі жобасына кітап шығаруды ҚҚС-тан босату туралы норма енгізілді.
Ассамблея – бірлік пен татулық тұғыры
Қазақстан – жүзден астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп жатқан мемлекет. Осыншама этностың бір шаңырақ астында бейбіт ғұмыр кешуі, оларды ортақ мақсат-мүддеге ұйыстырып, ынтымақ пен келісім тұрақтылығын қамсыздандыру қай ел үшін де оңай шаруа болмаса керек.
Арқалықта әкімдердің халықпен кездесулері басталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен жарты жылда бір рет барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері өтеді. Осыған орай, Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов бекітілген кестеге сәйкес қалаға қарасты Екідің және Әбдіғаппар хан ауылдарында халықпен кездесу өткізіп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Энергетика министрлігі 2025 жылы газ өндіру 62,8 млрд текше метрге дейін өседі деп болжайды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов негізгі көрсеткіштер туралы баяндады.
Киік саны 6 миллионға жетсе не болады?
Елімізде биыл киік саны 6 миллионға жетеді. Экология министрлігі осындай болжам жасап отыр. Соңғы кезде киік санының көбейгені, соған сай оларды ату мәселесі жиі айтыла бастады. Бұл туралы қоғамдық пікір де екіге жарылды. Ырымға сенсек, киік киелі жануар саналады. Дала жануарына мылтық кезенуге заң да тыйым салады.