Төртінші Ұлттық құрылтай отырысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 2025 жылғы 14 наурызда Бурабайда өтті. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, қатысушылар қоғам өмірінің өзекті мәселелерін талқылады.
Аутизмі бар адамдарды қалай түсініп, қолдау көрсету керек?
2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Қостанайда өткен «Инклюзия: білім берудің болашағы» атты республикалық форум қоғамдағы осы өзекті тақырыпты қамтуға арналып отыр.
Құрылтай құндылықтары: жас ұрпақтың пікірі қандай?
Елдікті нығайтып, бірлікті бекемдеу мақсатымен мемлекет тарихында қайта жаңғырған Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы Бурабай жерінде өткені белгілі. Бұл жиында халықтың көкейінде жүрген көптеген келелі мәселелер қозғалып, тың ойлар ортаға салынды. Әсіресе, жас ұрпақ тәрбиесі, мәдени мұраларды жан-жақты дәріптеу, оқу, білім мәселелері кеңінен талқыланды.
Үш сиыр ұрлаған тұрғын сотталды
Қостанай ауданаралық сотында албарға кіріп, мал ұрлаған топтарға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Қостанайда жемқорлыққа қарсы күреске еріктілер де атсалысып жатыр
Өңірде кәсіпкерлік қызмет ісіне кедергі жасаған үш адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік сатып алу кезінде бұзушылық үшін екі ескерту берілсе, ал мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметкері заңсыз тексеру жүргізгені үшін жазаланған. Сондай-ақ, міндеттерін тиісінше орындамағандар ескерту алған.
Тобыл жағалауы қоқыстан тазартылды
Қостанайда «ТАЗА Бейсенбі» экологиялық акциясы аясында Тобол өзенінің жағалауы тазартылды. Игі іске 40-қа жуық адам атсалысты.
«Жер аманаты» комиссиясы қос ауданның шаруаларымен кездесті
Комиссия өкілдері Сарыкөл және Алтынсарин аудандарының тұрғындарымен, сондай-ақ шаруа қожалықтары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өкілдерімен жүздесті.
“Дене қызуы көтеріліп, қан түкіртеді”: министрлік жаңа қауіпті вирус туралы ақпарат берді
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресейде жаңа вирус пайда болғаны туралы хабарламаларға пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Fly Arystan әуе компаниясына қатысты тергеу жүріп жатыр
Аталған әуе компаниясының билет бағасын негізсіз көтергені анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов мәлім етті.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.