Еліміздің барлық өңірлерінде егін жинау жұмыстары жүргізілуде. ҚР Ауыл щаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жаппай егін жинау науқаны шамамен тамыздың үшінші онкүндігінде басталады.
Нариман ҚЫПШАҚБАЙҰЛЫ: “Су үлесінен құр қалуға болмайды”
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, уу шаруашылығы саласының ардагері Нариман Қыпшақбаұлы 1934 жылы 27 мамырда Жанкелдин ауданы, Қызбел ауылында дүниеге келген. 1981-1990 жылдары Қазақ КСР Мелиорация және су шаруашылығы министрі қызметін атқарды. 1990-1995 жылдары – су ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы болды.
Қалың қалай, “Қостанай-Су”?
Тіршілік көзін елге үздіксіз таратып келе жатқан “Қостанай Су” кәсіпорыны қызмет сапасын арттырудың тиімді тәсілдерін қолға алды.
Жылу орталығының мамандары журналистерге жұмыс барысын таныстырды
Қостанай жылу-энергетика орталығында соңғы жылдары көп өзгеріс болып жатыр. Талай жыл дамылсыз қызмет еткен көнетоз нысандар жаңартылу үстінде. Қаржыландыру көлемі арта түсіп, салаға мықтап ден қойыла бастаған. Соңғы жаңалықтарын жария ету мақсатымен орталық басшылығы жергілікті БАҚ өкілдері үшін баспасөз турын ұйымдастырды.
Президент Жолдауын іске асыру: Қазақстан Үкіметі көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі шаралар кешенін қабылдады
Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет жол инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі ауқымды мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда.
Қостанайда мемлекеттік қызметкерлер байқауы өтті
Бұл байқаудың ауқымы жылдан жылға өсіп келеді. Биыл Қазақстан Республикасының Конституция күніне орайластырылды. Облыстың әр өңірінен 15 команда қатысып, олардың құрамында жалпы 45 қатысушы бақ сынады.
Қарабалықта спорттық сауықтыру саябағы ашылды
Ол саябақта былтырдан бастап сенбілік, абаттандыру жұмыстары жүргізіле бастаған. Биыл «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында еңбек ұжымдары, жастар еңбек жасағы және шекара қызметі апта сайын ол жерді жандандырды.
Ауыл әкімінің айтары бар
Науырзым ауданына қарасты Қожа ауылы облыс орталығынан шалғай жатқан елді мекен. Қашан барсаңыз да қыз-қыз қайнаған тірлікке куә боласыз. Оның бәріне ұйытқы болып, шапқылайтын ауыл әкімі. Туған жері жанына ыстық. Ауылдың қазынасы орталмай, жайқала түскенін қалайды. Республикалық эстафетаны қожалықтар бір деммен жалғап кетті.
Халық АЭС салу идеясына қалай қарайды?
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2024 жылғы 7-18 тамыз аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілді.
Рудный қаласында даңқ алеясы ашылды
Кеншілер қаласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар аз емес. Олар бар күш-жігерін ғана емес, бар ғұмырын осы қаланың өркендеуіне арнады. Ондай азаматтарды қалай дәріптесе де жарасымды. Биыл Соколов-Сарыбай кен байыту бірлестігінің құрылғанына 70 жыл, сондай-ақ Рудный қаласының да туған күні. Осы мерекеге орай орталық саябақтағы Даңқ аллеясы жаңартылып, салтанатты тұсаукесері өтті.