Қазақстан футбол лигасының жетінші турында Қостанайдың “Тобылы” Талдықорғанның “Жетісу” командасын қабылдады.
Екі жақ келісімге келді
Қаржылық мониторинг агенттігі мен ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылға мұнай өнімдерін әкетуге және акцизделетін өнімнің заңсыз айналымына жол бермеу жөніндегі Жол картасына қол қойды.
Жүз жасаған абыз ақсақал Қазақстанның құрметті журналисі атанды
Бүгін қарт майдангер, облыстық «Қостанай таңы» газетінің ардагері, ғасыр жасаған атамыз Қасымхан Алдабергенұлы Қазақстан журналистер одағының мүшелігіне өтіп, «Қазақстанның Құрметті журналисі» медалін кеудесіне тақты.
Тасқыннан зардап шеккен ауылдықтарға Қостанайдан баспана беріледі
Қостанай ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға облыс орталығындағы «Керемет» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтерлерге кіреді. Бірер айда пайдалануға берілетін баспанаға сексен отбасыны қоныстандыру туралы әкімдік пен құрылыс компаниясы арасында келісім-шарт жасалған.
Арқалықтың әкімі еріктілерді марапаттады
Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов көктемгі су тасқыны кезінде халыққа жәрдемдескен еріктілерді марапаттарды табыс етті.
Биыл Қостанайда 22 көп пәтерлі тұрғын үй бой көтереді
Оның жетеуі бюджет қаржысы есебінен салынады. Қала аумағында 2500 гектар жалпы алаңға егжей-тегжейлі жоспарлаудың 21 жобасы және төрт құрылыс жобасы әзірленіп, бекітілген.
Көлікті жалған техникалық тексеруден өткізгені үшін айыппұл 100 АЕК-ке дейін ұлғайтылады
Аталған Заң жобасы шеңберінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30 айлық есептік көрсеткіштен 100 АЕК-ке дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер көзделген.
Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы тұтынушылардың коммуналдық төлемдері бойынша шаралар қабылданды
Еліміздің бірқатар аймақтарында су тасқыны жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жалғасуда. Зардап шеккен қазақстандықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде.