Биыл наурызда Қытай Халық Республикасында Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу рәсімі өтеді.
Бұл туралы алқа мәжілісінде ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев өткен жыл туристік сала үшін жемісті болғанын айта келіп, биыл бұдан да жоғары нәтижелі болатынына сенімді екенін жеткізді.
«Өздеріңіз білетіндей, 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды. Іс-шараның ашылу рәсімі 28-29 наурыз күндері Бейжің қаласында өтеді жоспарланып отыр. Ал бір жыл бедерінде туризм түрлері (экологиялық, медициналық, агротуризм, қалалық, MICE және ғарыштық туризм) бойынша тақырыптық апталар, Қытайдың 7 ірі қаласында (Бейжің, Сиань, Шанхай, Үрімші, Гонконг, Ханчжоу, Чэнду) ТОП-20 отандық дестинациялардың тұсаукесерін жоспарланған», – деді сала басшысы.
QR Turizm jäne sport ministrlıgı