Тобыл қаласындағы Герцен 14 үйден өрт шықты деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Ертең Қостанайда тәртіп апталығы басталады
Облыстық полиция департаменті ертеңнен бастап Дүниежүзілік жол көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күніне арналған «Жол қауіпсіздігі апталығы» кең ауқымды іс-шарасын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.
«Шақырылмаған қонақ» алты жылға сотталды
Федоров ауданының тұрғыны үйде ересектердің жоқтығына көз жеткізгеннен кейін кәмелетке толмаған баланың сеніміне кіріп, шұжық пен басқа да тағамдарды ұрлап кеткен. Жергілікті fedorovkanews.kz басылымы өзімен пышақ алып жүрген қаскөйдің ізінде адам шығыны болмағанын хабарлайды.
Жерлесіміз Сыр еліндегі сөз бәйгесінде бірінші орын алды
Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл, Қазалы ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай «Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы» атты республикалық ақындар айтысында жерлесіміз Тоба Өтепбаев он ақынның арасынан жүлделі бірінші орынға ие болды.
Қостанайлық балуандар жүлдемен оралды
Ақтөбе қаласында грек-рим күресінен өткен Е.Батырғаринді еске алуға жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнирден қостанайлықтар бес бірдей жүлдемен оралды.
Кеншілер шаһарында жаңа әдіспен ота жасалды
Рудный көпсалалы ауруханасында простата обыры бар науқасқа лапароскопиялық ота жасалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл облыста аталған диагноз бойынша қолға алынған – алғашқы лапароскопиялық ота.
Қостанайға Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева келіп кетті
Министрдің бірінші орынбасары Арнайы жұмыс сапарын облысымыздың ата-аналар қауымымен, педагогтерімен кездесуден бастады.