Елімізде алғаш рет аудан мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлау басталды. Таң ата сайлау учаскесі ашыла салысымен дауыс беруге келген Денисов тұрғындарының қарасы көп болды.
Алғаш дауыс бергендерге сыйлық берілді
Облыстың 5 өңірінде әкімдердің сайлауы өтіп жатқаны белгілі. Алтынсарин ауданы бойынша әкімдер сайлауына 3 кандидат тіркелген.
Ауылдықтар да белсенділік танытуда
Федоров ауданының Воронеж селолық округі Успенов ауылында дауыс берушілер арасында белсенділік жоғары.
Бақылаушы: «Тұрғындардың мәдениеті жоғары»
Кеншілер қаласындағы №152 сайлау учаскесінде 2564 сайлаушы тіркелген. Сағат 09:00-дегі жағдай бойынша 90-нан аса адам дауыс беріп үлгерген.
Қостанайдың бес өңірінде әкімдер сайлауы өтіп жатыр
Рудный қаласы бойынша сайлауға үш кандидат тіркелген.
Әкімдер сайлауы басталды
Бүгін елімізде тұңғыш рет 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалаларда әкімдерді халық өздері таңдайды. Өңіріміз бойынша жұмыстарын бастаған барлық 194 сайлау учаскесінде әнұран ойнады.