Қостанайдың бес өңірінде әкімдер сайлауы өтіп жатыр

Қостанайдың бес өңірінде әкімдер сайлауы өтіп жатыр

Рудный қаласы бойынша сайлауға үш кандидат тіркелген.Қаладағы №4 мектеп-лицейінде орналасқан №153 сайлау учаскесінде дауыс беруге бекітілген уақытпен 07:00-де салтанатты түрде ашылып, Әнұран шырқалды.

Алғашқылардың бірі болып дауыс берген қала тұрғыны Әмірхан Сүйінішов.

         –Қаламыз үшін маңызды күн. Әкім сайлауында әр тұрғын бейжай қарамауы тиіс деп есептеймін. Сайланған әкім қаланы дамытуға күш-жігерін жұмсасын. Халықтың қамын ойлайтын елжанды азамат сайланады деп сенеміз, – дейді қала тұрғыны Ә.Сүйінішов.

Айта кетейік, бұл сайлау учаскесінде 2242 сайлаушы тіркелген.

Комиссия төрағасы Татьяна Аношкинаның айтуынша, үйден дауыс беруге өтініш келіп түспеген. Бірақ 12:00-ге дейін өтініш қабылданады.

Сералы Мырзабай

Суреттерді түсірген Бейбіт Мейрамұлы

Рудный қаласы

Жаңалықтармен бөлісу