Қамысты ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2,1 млрд теңге сомасына 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Онда 30 жұмыс орны құрылмақ.
Қарағандыға көмек
Eurasian Resources Group (ERG) Қарағандыдағы И.А.Костенко атындағы шахтада болған апаттан қаза тапқан және зардап шеккен шахтерлердің отбасыларына 400 млн теңге бағыттайды. Компания басшылары мен ұжымы қаралы отбасыларға қайғыра көңіл айтады.
Даңқты спортшыны еске алды
Арқалықта даңқты жерлесіміз, Орта азияның 2 дүркін және Қазақ ССР-нің бірнеше дүркін жеңімпазы Дүзелбай Айсаұлын еске алуға арналған турнир өтті.
Учаске дайын, тұрғындар хабардар
Денисов тұрғындары да алғаш рет аудан әкімін сайлағалы отыр. 5 қараша күні 28 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бүгінде осы өңірде 11 мың сайлаушы тіркелген. Халық алдағы науқанда қаншалықты белсенділік танытады, оны сайлау нәтижесінен көретін боламыз.
«Сергек» құрылғысы Қостанайда желтоқсанда іске қосылады
Енді Қостанайдың әр бұрышы жалпы бейнекамералармен бақыланады. Оның сыртында көшелерге «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылмақ. Қазірдің өзінде қозғалысы көп 6 қиылысқа бейнекамералар қойылған.
Еркін ойдың мекені
Екі күнге созылған «Ата салтым – асыл мұрам» республикалық дебатына 24 командадан 48 пікірсайысшы қатысты. Арқалық, Қостанай, Рудный, Семей, Астана, Көкшетау, Қарағанды қалаларынан келген топтар түрлі тақырып бойынша мәселе қозғап, ойларын ортаға салды.
Тіршіліктің сауалы: нәтиже де, қолбайлау да бар
Мемлекет басшысы барлық өңір басшыларының алдына қойған маңызды міндеттердің бірі – ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту. Бұл тапсырма алдағы екі жылда толығымен орындалуға тиіс. Қазір Қостанай облысында осы бағыттағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Күрмеулі мәселелер де көп. Жыл басынан бергі жұмыстар облыс әкімдігінде өткен отырыста баяндалды.
ЭЛЕКТР ҚУАТЫНЫҢ САПАСЫ ЖАҚСАРАДЫ
Кейінгі кезде Қостанайда электр қуаты жиі сөндіріледі. Мұны «ЭПК-Форфайт» ЖШС мамандары жөндеу жұмыстарымен байланыстырады. Өйткені, облыс орталығындағы электр желілерінің 80%-і ескірген.