«Жас ұстаз – 2023» еліміздің ауылдық біліміне дем берді. 180-нен астам ұстаз туған мектептеріне көтеріңкі көңіл күй, кәсіби шабытпен оралды.
Маңғыстау елі ақтаңгер ақынға түйе мінгізді
Базартөбе Қадырқұл ауылында Шеркеш руы Шағырай батыр мен Орақ әулиенің рухына арнап үлкен дүбірлі айтыс жасалды. Жерлесіміз Айбек Қалиев батыстың марқасқасы Абай Жолмағамбетовпен сөз жарысына түсті.
Тұрақтандыру қорына жергілікті өнімдерді сатып алуға шешім қабылданды
Қостанай қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында қандай шаралар қабылданып жатыр? Көшедегі санкцияланбаған сауда-саттық мәселесі қалай шешілмек? Бұл түйткілдер қала әкімі Марат Жүндібаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте талқыланды.
Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекте өтеді
Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.
Өскелең ұрпаққа үлгі боларлық жиын
Қостанайда Аналар кеңесінің жобасы аясында дәстүрге айналған «Әке – асқар тау» облыстық әкелер фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальге Сарыкөл, Бейімбет Майлин, Алтынсарина Ұзынкөл, Әулиекөл, Денисов, Меңдіқара, Жанкелдин ауданы мен Рудный, Лисаков қалаларынан келген отбасылар қатысты.
Конституция күніне арналған дөңгелек үстел
Әділдік пен дамуды көздейтін елдегі басты қағидаттардың бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Теңдік, әділдік және заңдылыққа шақыратын Конституциямыздың мәнмәтінінде сыбайлас жемқорлықты болдырмауға мүмкіндік беретін институттарды нығайту үшін үлкен шешіммен, құлшыныспен әрекет етуге тиіспіз.
Жерлесіміз халықаралық жарыстың күміс жүлдегері
Қостанайлық Маргарита Гриценко дзюдодан 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Португалияның Гайя қаласында өткен Еуропа ашық кубогының күміс медалін жеңіп алды деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.
“Тобыл” көш басындағы “Ордабасымен” тең тарқасты
Футболдан Қазақстан чемпионатының 21 туры аясында Қостанайдың “Тобылы” шымкенттік “Ордабасы” командасын қабылдады.
1 қыркүйектен бастап 2023-2025 жылдарға арналған бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру басталады
Ол жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған және 5 млн білім алушыны, сондай-ақ ата-аналар мен жұртшылықты қамтиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Полицейлер Арқалық қаласының жанынан барымташылар тобын құрықтады
Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Арқалық қаласының полицейлерімен бірлесіп, еркін жайылымнан мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінен.