Қостанай қаласының №11 орта мектептің әуесқой радио үйірмесінің тәрбиеленушілері Халықаралық чемпионатта 1 орынға ие болды. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен құрамалар қатысқанын атап өту кажет.
Қостанайда қазақтың ұлттық ойындарынан алғаш рет ел чемпионаты өтіп жатыр
Заречный ауылындағы «Арғымақ» ипподромында аударыспақ, көкпардан ел біріншілігі жалауын көтерген болатын. Ауыдарыспақтан еліміздің он жеті өңірінен 160-қа жуық спортшы бақ сынауда. Ертең көкпар ойынынан жарыстар басталады.
Қостанайлық дәрігерлер Израиль еліне аттанды
Облыс әкімдігінің қолдауымен өңірдің дәрігерлері біліктілігін арттыруға Израильдің үздік «Рамбам» медициналық мекемесіне жолға шықты.
Тоба Өтепбаев – аламан айтыстың жеңімпазы
Торғай еліне өзінің ақындық өнерімен белгілі болған, еңбек сіңірген ұстаз, әнші, айтыскер ақын Құтжан Қанжығалиннің 120 жылдығына орай «Өнердің дарабозы — Құтжан ақын» атты аймақтық ақындар айтысында астаналық ақын Тоба Өтепбаев бас жүлдені еншілеп, 300 мың теңгені олжалады.
“Тобыл” келесі кезеңде
Футболдан конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Қостанайдың “Тобылы” Швейцарияның “Базель” командасына қарсы жауапты кездесуін өткізді.
Бүгін қала сыртындағы лагерьлерде баспасөз туры ұйымдастырылды
Өзге өңірдегі лагерьлерде болған келеңсіз жайттарды естіген ата-аналар сыртта жүрген баласының қауіпсіздігіне алаңдайтыны анық. Балалардың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында бүгін Қостанай облысындағы қала сыртындағы лагерьлерг\де баспасөз-туры ұйымдастырылды. Іс-шараға Қостанай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова, ата-аналар мен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
№11. Сымбат Кенжеғали
“Иықтан шашы төгіліп жерге…” облыстық фотобайқауына Сымбат Кенжеғали есімді үміткер суреттерін жолдады. Ол 24 жаста. Жангелдин ауданының Торғай ауылында тұрады. 2 баланың анасы. Аудандық тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік тіл оқытушысы болып қызмет етеді.
Тәрбиелік маңызы зор жиын
Бүгінде “Ауыл” партиясының өкілдері өңірдің ауыл-аймақтарында әсемдікті дәріптеп, нәзікжандыларға қолдау көрсету бағытындағы іс-шараларға жеткіншектерді қатыстыру арқылы қазақи тәрбиеге баулуды көздейді. “Әйелдік флешмобы” іс-шарасы да осы сөзімізге тағы дәлел бола алды.
№10. Гүлмира Мұхамеджанова
Гүлмира Ахметбекқызы Мұхамеджанова 27 жаста. Туған жері Ұзынкөл ауданының Обаған ауылы. Қазіргі таңда Алтынсарин ауданының Первомай ауылында тәрбиеші болып жұмыс істейді. Бұрымдылар байқауына қатысып отырған аруға сәттілік тілейміз!
№9 Алина Сұлтанбек
“Иықтан шашы төгіліп жерге…” фотобайқауының тағы бір кішкентай үміткері – Алина Сұлтанбек. Ол бұрымдылар сынына Жангелдин ауданынан қатысып отыр. Қолаң шашты Алина қыз Шұбалаң ауылында 8-сыныпта оқиды. Үміткеріміздің суреттеріне баға бере отырыңыздар!