Қостанайлық дәрігерлер Израиль еліне аттанды

Қостанайлық дәрігерлер Израиль еліне аттанды

Облыс әкімдігінің  қолдауымен өңірдің дәрігерлері біліктілігін арттыруға Израильдің үздік «Рамбам» медициналық мекемесіне жолға шықты.

Мұндай тәжірибе бұған дейін де жүзеге асырылып келген. Бұл жолы  алғаш рет 20 дәрігер бірдей аттанып отыр.
Оқу екі аптаға жоспарланған. Оған  аймақтың үздік анестезиолог-реаниматолог, хирург, акушер-гинеколог, отоларинголог, травматолог және сәулелі диагностика мамандары жіберілді деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
«Рамбам» Израильдегі ең ірі мемлекеттік клиникалардың бірі, онда жыл сайын жүз мыңдаған пациент ем алады. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдар емделіп қана қоймай, израильдік және шетелдік дәрігерлер де білім алуда.

Жаңалықтармен бөлісу