Өткен жылы Қостанай облысындағы жолдарда 700-ден астам кемшілік анықталған. Биыл төселген асфальттың сапасы қандай? «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» тексеру жұмыстарын бастады.
Қостанайда полиция қызметкерлері 3 жасар баланы құтқарып қалды
Қостанайда полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында үйде жалғыз қалған және 3-қабаттағы балконда тұрған бала құтқарылды. Кішкентай қыз қолын москит торына тіреген. Бұны көрген куәгерлер «102» пультіне хабарлады.
Министр: МӘМС қаражаты азаматтарға қайтарылмайды
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният депутаттардың Міндетті медициналық сақтандыру қорына төленетін төлемдердің жалпы сомасының 50 пайызын қазақстандықтарға қайтару туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Отбасы банкі аралық заем мөлшерлемесін өзгертті
Отбасы банкі 15 мамырдан бастап сараланған сыйақының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын болады.
Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді
Тірек ауыл мәртебесіне ие Асенкритовтегі тоғыз көшенің екеуі ғана асфальтталған. «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында 2024-2025 жылдары Варварин, Қызылжар, Николаев және орталық ауылдардағы кентішілік жолдарға жөндеу жүргізілгелі отыр. Бес шақырымнан асатын тас жолға 306,5 млн теңге жұмсалады.
Оқу жылының уақыты өзгергенімен, форматы бұрынғыша
Биыл оқу жылының аяқталуына байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектептерде соңғы қоңыраулар қашан және қандай форматта өтетінін жариялады. Қостанай облысында әзірлік әлдеқашан басталып кетті. Биыл өңірде 4066 түлек мектеп бітіреді. Жылдағыдан айтарлықтай ерекшелік болмағанымен, әсіре дабыраға ұластырып жібермеу керектігін ескертеді.
Лисаковта мектебі бар Абайдың
Лисаковтағы №3 жалпы білім беретін жалғыз қазақ мектебі бұдан былай қазақтың ұлы ақыны Абайдың есімімен аталады. Бүгінде бес жүз балаға шақталған екі қабатты ғимаратта 249 оқушы білім алуда. Ең өкініштісі, жалғыз қазақ мектебінде бала саны толмай отыр. Алайда, мектеп басшылығы мұның шешімін табу үшін ата-аналармен үгіт-насихат жұмыстарын үзбей жүргізіп жатқанын айтады.
Қазақстанда қанша дәрігер жетіспейді?
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда төрт мыңға жуық дәрігер жетіспейтінін айтты. Бұл туралы tengrinews.kz сайты жазды.
Өнер мектебінің бишілері концерт берді
Жанкелдин ауданы Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің би бөлімі жылды қорытындылап «Bile-Bile» атты есеп беру концертін берді. Мың бұралған биші қыздарымыздың өнерін тамашалауға келген өнер сүйер қауым көрермендер залына лық толды.