Қазақстанда қанша дәрігер жетіспейді?

Қазақстанда қанша дәрігер жетіспейді?

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда төрт мыңға жуық дәрігер жетіспейтінін айтты. Бұл туралы tengrinews.kz сайты жазды.

Қазақстандықтар терапевт дәрігер қабылдауына жазыла алмайтынына әлі шағымдануда. Айтуларынша, төтенше жағдай кезінде жеке мамандар соның ішінде, травматолог, психолог және офтальмолог сияқты мамандарға ғана жазылуға болады. Мәжілісмендер бұл мәселе саланы жеткіліксіз деңгейде қаржыландырудан болып жатыр деп санайды. Енді бірінің бұған кереғар пікірі бар, қор халықтың медициналық қызметке деген сұранысы шынымен де өскенін айтады.

Нарықта төрт мыңға жуық медициналық жұмыс орны бар. Өңірлерде акушер-гинеколог, неонатолог, педиатрлар жеткіліксіз. Пандемия кезінде жұқпалы аурулар бойынша мамандар жетіспейтіні анықталған.

Ал, қазір Қостанай облысына 350-ден астам дәрігер қажет. Соның ішінде, облыс үшін ең тапшы мамандар: анестезиолог, реаниматолог, онколог, терапевт және хирургтар. Оларды жұмысқа шақыру үшін жергілікті билік әлеуметтік пакет ұсынып отыр. Кейбір аудандар жаңадан барған дәрігерлерге баспанамен қоса миллион теңгеге дейін бір реттік көтермеақы береді.

Жансая Аянқызы.

Жаңалықтармен бөлісу