Қостанай облысының активіне және жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха өңірдің жаңа полиция бастығын таныстырды.
Қостанайда өрт сөндіру техникасы жетіспейді
Биылдыққа Қостанай қаласының аумағында 92 өрт оқиғасы тіркелген. Тілсіз жау төрт адамның өмірін жалмап, екі адам жапа шеккен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ке аз.
Құрылыс нысандарында жуу бекеттерін орнату талап етілді
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев 1-сәуірден бастап құрылыс алаңдарында жуу бекеттерін орнатуды тапсырған болатын. Себебі, құрылыс орнынан шыққан көліктер дөңгелектерін тазаламаған күйі қала көшелерін шарлап, батпақты әрлі-берлі тасиды. Бұл мәселе қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында бірнеше мәрте айтылды.
Аманкелді ауданында жасөспірімдер арасында суда жүзуден жарыс өтті
Аманкелді аудандағы Ақтұрсын Омарұлы атындағы балалар мен ересектерге арналған жабық бассейн мен спорттық-сауықтыру кешенінде жарыс өткізілді. Жарыс 2008-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында суда жүзуден Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Фариза Балғатайқызының жүлдесіне арналған.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы шілде айында Қостанай облысына келеді
Жуырда он жылдан бері елге қолдау-көмек көрсетіп келе жатқан денсаулық пойызы Алматы қаласынан Қостанайға жолға шығады.
Қостанайлық оқушылар жазда қалай демалады?
Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Оқушылар жазғы демалысты асыға күтіп жүргені анық. Балалардың үш айғы демалысы қалай өтпек деген сауал қалалық әкімдікте болған аппарат кеңесінде талқыланды.
Қостанайда шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті
«Kazakhstan Special Olympics» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы Еуропалық арнайы олимпиадалық футбол апталығы аясында шағын футболдан облыстық турнир өткізді. Жыл сайынғы турнирге Қостанай облысының 14 білім және әлеуметтік қорғау мекемелерінен 17 команда қатысты.
Қазақтың қайсар қызы, арбаға отырып би билеуден әлем чемпионы Малика Мұхтарова өмірден өтті
Елімізге танымал спортшы, пара спорт бойынша отандық, халықаралық, әлемдік турнирлер мен чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық спорт шебері, әлем чемипоны, Қазақстанның инклюзия театр кеңістігіндегі шоқтығы биік акртиса Малика Мұхтарова 23 жастан асқан шағында дүние салды.
Корей газетінің жүз жылдығы тойланды
Қазақстан корейлер қауымдастығының төрағасы Юрий Шин бастаған делегация Қостанай облысына жұмыс сапарымен келіп кетті. Меймандар облыстық Достық үйінде болып, аймақ басшысының орынбасары Ринат Мұхаметқалиевпен және этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен кездесті.
Кері кеткен кезек: Ардагер тұрғын үй тізімінен неге шегеріліп қалды?
Қостанай қаласының тұрғыны Сайран Нұрбаев Ұлы Отан соғысының ардагеріне теңестірілген тұлға мәртебесіне ие азамат. Ол 1974-1976 жылдар аралығында Семейде әскери борышын өтеп, ядролық сынақ полигонындағы жарылыстарға қатысқан. Аты шулы полигонның зардабын еске алудың өзі артық шығар. Бүгінде азаматтың жалғыз өтініші бар. Көрер көз, еститін құлақ болса, бұлмәселе шешімін табар деген үміттеміз.