Қазақтың қайсар қызы, арбаға отырып би билеуден әлем чемпионы Малика Мұхтарова өмірден өтті

Қазақтың қайсар қызы, арбаға отырып би билеуден әлем чемпионы Малика Мұхтарова өмірден өтті

Елімізге танымал спортшы, пара спорт бойынша отандық, халықаралық, әлемдік турнирлер мен чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық спорт шебері, әлем чемипоны, Қазақстанның инклюзия театр кеңістігіндегі шоқтығы биік акртиса Малика Мұхтарова 23 жастан асқан шағында дүние салды.

Кішкентайынан өмірі қиындыққа толы болып, арбаға таңылды. Бірақ ешқашан мойымады. Табиғаты ерекше, таланты бөлек, адами қасиеттері ерек Малика – нағыз күрескерге айналды. Жан сарайы мейірімге толы, жүрегі “Өнер” деп соққан Малика – қайсарлық пен батылдықтың, мақсатшылдық пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісі бола білді.

Маликаны Қазақстанның ерекше жандар театр әлемінде актриса ретінде танытқан бейнесі Р.Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне” (Қызжылаған) драмасындағы Ләйла ролі. Р.Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне”драмасы – тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясындағы шоқтығы биік туынды.
Әлемнің театр кеңістігінде Ләйла секілді ерекше жандарды – ерекше-актрисаның сомдауы сирек құбылыс.
Біз сахнадан көрген Малика өзі сомдаған Ләйламен біртұтасып кетті. Ләйланың тағдырын сахнада шынайы паш етті. Сахнадағы әр әрекетімен сендірді. Тіпті Маликаның арбада отыратынын ұмытып кеттік. Бірге жыладық. Бірге күлдік. Ойға баттық.
Режиссёр Абзалбек ағасы, Ләйла-Маликаны спектакль финалында биік кеңістікке ұшырды. Он екі мүшесі сау артистердің батылдығы жетпейтін, сахналық трюктерін арбаға таңылған Малика жасады. Бәрімізді тамсандырды. Ләйла бейнесі – Маликаның өнердегі бойтұмарына айналды.

Маликаның ата-анасына, бауырларына, ағайын-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Жаңалықтармен бөлісу