Құрылыс нысандарында жуу бекеттерін орнату талап етілді Truck washing with a hose

Құрылыс нысандарында жуу бекеттерін орнату талап етілді

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев 1-сәуірден бастап құрылыс алаңдарында жуу бекеттерін орнатуды тапсырған болатын. Себебі, құрылыс орнынан шыққан  көліктер дөңгелектерін тазаламаған күйі қала көшелерін шарлап, батпақты әрлі-берлі тасиды. Бұл мәселе қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында бірнеше мәрте айтылды.

Қала әкімінің тапсырмасына орай өткен сенбіде полицейлер құрылыс нысандарын аралап, жуу бекеттерінің бар-жоғын тексерді. Нәтижесінде  төрт ұйым өз жұмысын тоқтатып, бес көлік жүргізушісіне айыппұл салынды.

– Жүргізушілерді жазалауға болмайды. Олар екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді де, ары қарай жүре береді. Мұндай іс ешқандай нәтиже көрсетпейді. Керісінше, жүргізушілер жұмыс істейтін ұйымдарға айыппұл салу қажет. Ол кезде айыппұл мөлшері 20 айлық есептік көрсеткіштен басталады. Егер, бұзушылық қайталанса 100 АЕК дейін өспек. Бұл қомақты қаражат. Қордаланған мәселенің түйінін осылай ғана тарқата аламыз, – деді шаһар басшысы Марат Жүндібаев.

Қ.Мұратбекқызы.

 

Жаңалықтармен бөлісу