Қазақстанда көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Елімізде әр түрлі ұлттардан құралған отбасылар мамыражай тірлік кешуде. Қостанай қаласындағы түрлі ұлт өкілдерінің 1 мамыр — Бірлік күніне деген көзқарасы туралы сауалнама жүргізген едік.
Бірлік — береке бастауы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Арқалық қаласында түрлі мәдени және спорттық шаралар өтті. Орталық «Наурыз» алаңында әр ұлттың салт-дәстүрлерінен сыр шертетін шағын қалашық орнатылды.
Батпаққаралықтар да Бірлік күнін атап өтті
Аманкелді ауданында 1 мамыр — Қазақстан Халқының бірлігі күні мерекесі тойланды.
Қостанайлықтар мейрамды жоғары деңгейде атап өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні Қостанай қаласының орталығында да жоғары деңгейде атап өтіліп жатыр.
От пен оқтың ортасынан оралған
Аз емес,зар жылаған егілген жан, Аз емес, өшкен өмір төгілген қан. Кеудеге зілді қасірет салды соғыс, Қирады талай арман, көңілге алған. М. Темірұлы. Ұлы жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Ол бізге елім деп соққан ерлердің,17-18 жасар жас бозбалалардың ерлігінің арқасында келді. Атамның көзінің қарашағындай сақтаған, әкесінің медальдары мен ордендерімен жыл сайын жеңіс күні […]
Шағын аудандағы шадыман шаттық (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Әуежай тұрғындары Бірлік күнін ерекше салтанатпен атап өтті Қостанай облыстық ҚХА ұсынған «Қазақстан — достық мекені» іс-шарасын құттықтау сөзімен облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев ашып берді. «Қазақстан — көптеген ұлт пен ұлыстың ортақ шаңырағы болып отырған ел. Әрдайым бірлік пен жарасымда өмір сүре берейік»,- деп лебізін айтты ол. Одан соң көпшілікпен бірге қоржын шоу, ұлттық […]
Жітіқарадағы «Жерлестер форумы»
Жітіқара ауданының 95 жылдығына орай аймақта тұңғыш рет «Жерлестер форумы» өтті. Ауқымды іс-шараға осы өлкеден түлеп ұшқан азаматтар келді. Туған елден жырақта жүрген жерлестердің арасында зиялы қауым өкілдері де, лауазымды шенеуліктер де, кәсіпкерлер мен танымал өнер және мәдениет қайраткерлері бар.
Құмар Ақсақалов: «Барлық жетістік бірліктің арқасы»
Құрметті қостанайлықтар! Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке біздің көпұлтты еліміздің керемет дәстүріне, бейбітшілік пен келісімнің жарқын бейнесіне айналды. Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістігі мен жемісі ең алдымен ұлт пен ұлыс бірлігінің, қазақстандықтардың мызғымас достығының нәтижесі. Бірлігі жарасқан елдің ертеңгі күнге деген сенімі нық. Отанымызға деген ортақ жауапкершілігіміз – Қазақстанның табысты дамуына […]