Қостанайдың шеті тұрмақ, орталығындағы баспаналардың сыртқы жағдайы сын көтермейді. Осы жайлы әкімшіліктің кезекті басқосуында айтылды. Жағдайға байланысты қала тұрғындары тұрақты мекенжайларын күрделі жөндеуден өткізуге өтініш берген.
Халықтың көкейіндегі сауалдар күн тәртібінде көтерілді. Атқарылатын жұмыстар толық бюджет есебінен жүргізілмейтіндіктен, жөндеу жұмыстары алдымен қасбеттерді, шатырларды және балкондарды қамтитын болады.
«Жеті үйді күрделі жөндеуге 877 млн теңге жұмсалады. Ол тұрғын үйлердің қасбеттері, шатырлары, балкондары тазартылады. Тағы 27 көппәтерлі үйде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. 25 үй бойынша жалпы жұмыс басталып кетті», – деді Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Радик Искалиев.
Әуежай шағын ауданындағы үйлердің бірінде сапасыз бояу қайта қалпына келтіруді қажет етіп отыр. Қаржыландыруға байланысты, дәлірек айтқанда, келер жылы елуге жуық осындай көп қабатты үй жөнделетін болды.