№878 учаскеде 1600-ден астам азамат дауыс берді

№878 учаскеде 1600-ден астам азамат дауыс берді

Қостанайдағы №878 референдум учаскесінде дауыс беру заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, қалыпты режимде өтіп жатыр. Учаскеде екі мыңнан астам сайлаушы тіркелген.

Мұндағы референдум комиссиясының төрағасы Жұмабике Мирамованың айтуынша, учаске таңғы сағат 07:00-де ашылып, азаматтар белсенді түрде келіп, өз таңдауларын жасауда.

blank

«Біздің учаскеде дауыс беру процесі заң талаптарына толық сәйкес ұйымдастырылды. Барлық қажетті жағдай бар: арнайы дауыс беру кабиналары, жәшіктер және сайлаушылар тізімі. Учаскеміз бойынша екі мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 11 адам – мүгедектігі бар азаматтар. Солардың екеуі үй жағдайында дауыс беруде, біреуі учаскеге келіп дауыс берді. Бүгін алғаш рет дауыс беріп жатқан азаматтар мен туған күні референдум күнімен тұспа-тұс келген тұрғындарға арнайы сыйлықтар да қарастырылған. Жалпы бүгін туған күнін атап өтіп жатқан жеті адам бар. Қазірге дейін шамамен 1600-ден астам азамат өз таңдауын жасап үлгерді», – деді комиссия төрағасы.

blank

Сондай-ақ учаскеде бақылаушылар жұмыс істеп, дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтуін қадағалап отыр. Комиссияның мәліметінше, азаматтар дауыс беруге тыныш әрі қалыпты жағдайда қатысуда.

blank