Зиялы қауым өкілдері Алматыда бас қосты

Зиялы қауым өкілдері Алматыда бас қосты

Қаламгерлер Алматыдағы Қазақстан Жазушылар одағының мұрындық болуымен детектив жанрының дарабозы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 толуына арналған жиында бас қосты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева  Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтауын жеткізді.

Көршілес Қырғыз, Өзбек, Ресей және халықаралық “Түркісой” ұйымының басшысы мен өкілдері ақжарма ойлары мен игі істерін ортаға салды. Еліміздегі көрнекті зиялы қауым өкілдері айтулы тұлғаның кісілік келбеті хақында сыр шертті. Мәжілісте Кемел Тоқаевтың шығармашылығы мен өмірдерегі сан қырынан сараланып, талданды, баға берілді.

Басқосудың жүргізушісі Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы М.Құлкенов  конференцияның рухани мәнін айтты.

Мереке Құлкеновтың жетекшілігімен облыс филиалдары директорлары және ЖО басшылығымен өзара іс-шаралар туралы келелі мәселелер талқыланды.

Бұл басқосу шығармашылық адамдарға игі ықпал етеді. Қолдау көрсеткен облыс әкімдігі мен Қостанай облыстық Мәдениет басқармасына алғыс білдіреміз.

Жанұзақ АЯЗБЕКОВ

Жаңалықтармен бөлісу