Алғаш рет  педагогтердің республикалық съезі өтеді

Алғаш рет педагогтердің республикалық съезі өтеді

Биылғы жылдан бастап 5 қазанда ресми түрде аталып өтетін Ұстаздар күні қарсаңында  еліміздің барлық өңірлерінен ұстаздар І  республикалық педагогтер съезіне қатысу үшін елордаға жиналады.

Мерекелік бағдарлама аясында ұстаздар Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрында болып, «Шәмші» спектаклін тамашалады. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен.

Бүгінгі  І республикалық педагогтер съезінің пленарлық отырысына еліміздің барлық өңірінен келген 700-ден астам педагог қатысады. Ұйымдастырылған алаңдарда педагогтер өз аймақтарының атынан  озық тәжірибелерін ұсынып, үздік еңбектерімен бөліседі.

Жаңалықтармен бөлісу