Жыл басынан бері төрт жүз  мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты

Жыл басынан бері төрт жүз  мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 388 512 адам жұмысқа орналасқан. Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік шаралар жыл бойы жалғасып жатыр.

«Бұл ретте азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға басымдық беріліп отыр. Жыл басынан бері 293 241 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Яғни жұмысқа тұрғандардың басым бөлігі ұзақ мерзімді еңбекпен қамтылды. Тұрақты қызмет азаматтың табысын қалыптастырып, ертеңіне сенімді болуына жағдай жасайды. Ал еңбек шарты ресми түрде жасалған жағдайда, қызметкер заңда көзделген еңбек пен әлеуметтік кепілдіктерді пайдалана алады», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Жұмысқа орналасуға көмектесетін цифрлық қызметтердің дамуы да бұл бағыттағы жұмысқа оң әсер етіп отыр. Мәселен, Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, өзіне қолайлы жұмысқа өтініш бере алады. Жұмыс берушілер де қажетті қызметкерді іздей алады.

Бұл жүйе жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеп жүрген азаматтардың сұранысын жылдам сәйкестендіруге жағдай жасап отыр. Нәтижесінде адамдарға өзіне лайықты жұмыс табуға көмек көрсетіледі.

Бұған қоса азаматтарға кәсіби оқыту бағдарламалары мен жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылып жатыр. Олай сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге, жаңа дағдыларды үйренуге және жұмысқа орналасуға болады.