17 июня, 2025
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 15,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 15,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 66 кәсіпорны 1,7 мыңнан астам жұмыскерге 672 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтаған.

Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 2,3 фактісі белгілі болған.

«Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 283 ұйғарым беріліп, 152 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 1,3 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 355,3 млн теңге төленді», – делінген ресми мәлімдемеде.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 мамырдағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 891 тексеру жүргізді, оның барысында 2 338 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 1 920; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 401; халықты жұмыспен қамту бойынша – 17.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13,8 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.