Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрсетіп жатқан қолдауының арқасында облыста білім беру саласы жоспарлы түрде дамып келе жатыр. Басты мақсат – білім сапасын тұрақты арттыруға бағытталған.
Дәлірек айтқанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 518 ұйымы жұмыс істейді, 34 мыңнан аса бала қамтылған.
«Бүгінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылған балалардың үлесі жүз пайызға жақындады. Биыл мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы 400-ге жуық орын іске қосылды. Әулиекөл ауданында «Халық» қорының есебінен 280 орындық бір балабақшаның құрылысы аяқталып қалды. Облыс орталығының «Юбилейный» және «Әуежай» жаңа шағын аудандарында салынып жатқан әрқайсысы 280 орындық екі балабақшаның құрылысы басталды», – деп атап өтті облыстық білім басқармасының басшысы Айман Ыбыраева.
Облыстағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 3,5 мыңға жуық бала тәрбиеленеді, олардың барлығы тегін тамақпен қамсыздандырылған.