16 июня, 2025
Жүйе бар жерде, нәтиже бар. Спортта жетер жетістік

Жүйе бар жерде, нәтиже бар. Спортта жетер жетістік

Облыс әкімінің аппарат жиынында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы арнайы спорт мектептерінің баланс жүйелерінің дұрыс жолға қойылмай келгенін  тілге тиек етті.

Облыс орталығында су спортын дамыту  таяуда қолға алынғанымен, әлі күнге дейін жаңадан салынған спорт мектебінде балаларды олимпиадалық секіру спортына дайындайтын  бапкер жоқ. Ол жағдайды сала мамандары секіру тұғырының әуелде дұрыс орнатылмауымен байланыстырып отыр. Сол себепті маман қарастырылмаған. Қазір жаңа түғыр орнатылып, маман іздестіріліп жатыр.

«Осы жылыдың  Сәуір айынан бастап спорт мектептерінің қаржылық жұмысын білдік. Бір мектепте іссапарға бір жарым миллион берілсе, бір мектепте отыз миллион теңге қарастырылған. Бұл әр мектептің өз  саясаты болғанын әспеттейді. Мәселен бір мекеме бір тәулікке төрт мың теңге ісспар куәлігін толтырса, бірі жеті мың теңгеден астам қаржы жұмсаған. Осы шикілікті басқармамен бекітіп, бірізді қылып қойдық. Содан бері  бала санына байланысты ауылдық мектептердің қаражаттары көбейді. Нәтижесі де жақсара түсті», – дейді басқарма басшысы.

Облыс басшысы қаржыны үнемдеу керектігін баса айтты.

«Қаражатты да дұрыс пайдалану қажет. Ондай жағдайды бұрын-соңды байқадық. Мысалы, екі дене шынықтыру, сауықтыру кешенін алайық. Құрылымы жағынан бірдей болғанымен, штат саны әртүрлі. Сол себепті, шығындары да бөлек-бөлек болуы заңды», – деді Құмар Ақсақалов

Облыс әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина бұл орындарға  сараптама жүргізілгенін айтты. Бүгінде барлығына бірізді штаттық талап қойылған.

Салдарынан спорт мектептері нәтижелерін беріп жатыр. Әрқайсысында Қазақстан құрамасының мүшелері бар. Әсіресе,  қысқы спорт түрлері жақсы қарқында келе жатыр. Спортшыларымыз халықаралық дәрежеде тамаша өнер көрсетіп жүр. Қысқы спорт түрлерінің олимпиадасынан  облысымыз  үшінші орын алды.

«Жүйе жақсы жұмыс істеуі қажет. Нәтижесіз спорт түрлеріне шығынды  азайту қажет.  Әр ауданның есебін беріп отырыңыздар. Әкімдік бірігіп жұмыс істеуі керек. Бөлінген қаражаттың тиімсіздігін жойғаннан бері көрсеткіштер жақсарып жатқанын айттыңыздар. Олимпиадалық емес спорт түрлерінің ақшасы да бөлініп жатыр. Инфрақұрылым жақсарған сайын нәтижесі болуы шарт. Олай болмаған күнде осы саладағы жұмыстың сапасы жеткіліксіз деп есептейміз. Қаншама орталықтар ашылды. Ұлттық спорт пен олимпиадалық спортқа баса назар аударайық!» – деді облыс әкімі.

Демек мемелекттің міндеті тек ныспандарды салу емес – әр балаға, ересектер мен зейнеткерлеге еш кедергісіз  спортпен айналысуға мүмкіндік беру. Қазір барлық  спортпен айналысуға бірдей қолжетімді болуы, саламатты өмір салтының қалыпты әдетке айналуы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Екі жыл ішінде облыста он жеті спорт нысаны салынды. Он дене шынықтыру, сауықтыру кешені пайда болды. Өткен жылдың қараша айында Қостанайдағы Юбилейный шағын ауданында ашылған кешенде халық спортпен тегін айналысып жатыр. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тренажерлер орнатылды. Алдағы уақытта осы қаладан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеке дене шынықтыру кешенін салу туралы шешім қабылданды.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев