Жомарт жандар қамқорлық танытты

Жомарт жандар қамқорлық танытты

Бүгін Науырзым ауданында «Мемлекеттік тілге жеті қадам» жобасына қатысып жатқан алпыс балаға «Мектепке жол» акциясына байланысты  демеушілердің қолдауымен оқу құралдары мен киім кешектер таратылды.

Бұл   форумның екінші күн жалғасып жатқанын айта кетейік. Алғашқы күні жоба қатысушылары мен аудан тұрғындары үшін ұлттық би бойынша шеберлік сыныптары мен жастар би алаңы ұйымдастырылған болатын.

Мобилографияда жасанды интелекті пайдалану әдістері, қазіргі шынайы халық өнері, мемлекттік тілдің күнделікті өмірдегі өзектілігі сөз болды. Ауыл тұрғындары мен қатысушылар жергілікті өнерпаздардың концертін тамашалады.

Форумның екінші күні «Науырзым» табиғи қорығынан басталды. Ол жерде әртүрлі этнос өкілдерінің балалары аудандық спорт бөлімнің қолдаукымен тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, қол күрес сияқты қабілеттерін дамытатын қазақтың ұлттық ойындарын ойнады.

«Бүгін спорттық ойындар өтіп қана қойған жоқ. Киіз үй тігуден шеберлік сағатын өткіздік. Онда түрлі ұлт өкілдері уық шаншу, шаңырақ көтеру секілді рәсімдерге қатысып, өнерлерін көрсетті.   Қазақтың салт-дәстүрлері бойынша дәрістер алды», – дейді іс-шараның ұйымдастырушысы Айбек Таңатбаев.

Бұдан кейін этнос өкілдерінің балалары мұражайларды аралап, өңірдің тарихымен танысты.

Науырзым ауданы

 

Жаңалықтармен бөлісу