Жолдағы ақауларды жоюға мердігерлер 240,5 млн теңгеден астам қаражат бөлді

Жолдағы ақауларды жоюға мердігерлер 240,5 млн теңгеден астам қаражат бөлді

Жолдарды салу және жөндеу кезіндегі негізгі ереже бұзушылықтарға тығыздау коэффициенттері бойынша сәйкессіздік, асфальттың аз қалыңдығы, сондай-ақ жол төсемдерінде жарықтардың тез пайда болуы жатады. Бұл туралы Ұлттық жол активтері сапасы орталығының Қостанай филиалында айтылды.Биыл барлығы 753 тексеру жүргізіліп, 756 бұзушылық анықталды. 2587 сынаманың үштен бірі нормаларға сәйкес келмейді. Нәтижесінде мердігерлер өз есебінен барлық кемшіліктерді жойып, 240,5 миллион теңгеге жұмыстар қайта жасалды.
Мысалы, орташа жөндеуден өткен “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” республикалық маңызы бар жолдың 63-83 шақырымына 4 тексеру жүргізілді, нәтижесінде 12 ереже бұзушылық тіркелген.

“Бүгінгі таңда бұл жолдардағы бұзушылықтар толық жойылды. Мердігерлер бұған 4 млн теңге бөлді. Біздің орталық республикалық жолдарды ғана емес, облыстық, қалалық маңызы бар жолдарды да тексереді. Сондай-ақ жол төсемін диагностикалау жұмыстарын жүргіземіз. Біз жолдың белгілі бір бөлігінің жағдайын, жөндеу қажет пе, жоқ па, болашақта қандай жұмыстар жүргізу керек – соның бәрін зерттейміз. Барлық ақау тіркеуге алынады. Мердігерге кемшіліктерді жоюға белгілі бір уақыт беріледі. Егер сол мерзімде жұмыстар орындалмаса, одан әрі шаралар қабылдау үшін обылсытқ Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына хат жолдаймыз”, – деді орталық филиалының директоры Рафис Зинетов.

Жауапты ұйым талаптарды одан әрі орындамаған жағдайда 6 ай мерзімге айыппұл салу және лицензиядан айыру жазасы қарастырылған. Соңғы 4 жылда мердігерлер 1 млрд теңгеге жуық сомаға татитын олқылықтарды жойды.

Жаңалықтармен бөлісу