Акция Қостанай қаласы Карбышев көшесі 12/10 мекенжайындағы арнайы ХҚКО аумағынан бастау алмақ.
Белгіленген іс-шара 2024 жылдың 16-17 тамызы күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейінгі уақытқа жоспарланып отыр.
Instagram және Facebook Полиция департаментінің ресми парақшаларындағы тікелей эфир арқылы сұрақтарды қоюға болады.
Полиция қызметкерлері акция аясында көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін беру және айыппұл төлеу бойынша сұрақтарға жауап беруге дайын.