Жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру міндеті ішкі істер органдарының қызметіндегі басым бағыттардың бірі.
Қазіргі таңда облыс арасында 256 мыңнан астам автокөлік қатынып жүрсе, жыл басынан бері полицейлер жол тәртібін бұзған 35 мыңнан астам жүргізушіні анықтаған. 308 – і мас күйінде ұсталса, 2088 – інде көлік басқару құқығы болмаған.
Қарсы жолаққа шығудың 40 дерегі, жаяу жүргіншілердің жолымен 3 мың 200 жүргізуші өткен. Рейдтер барысында 41 “заңсыз” тасымалдаушы анықталған.
Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысының ережелерін қатаң сақтауға шақырады.