Жол апатынан бес жолаушы зардап шекті

Жол апатынан бес жолаушы зардап шекті

“Екатеринбург-Алматы” трассасының 588 шақырымында оқыс оқиға орын алды деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Оқиға 27 шілдеде түнгі он бірлер шамасында болған. “КИА” және “УАЗ”маркалы екі жеңіл автомобиль соқтығысқан. Ол туралы хабар облысымыздың “Щербаков” трассалық медициналық-құтқару пунктінің диспетчеріне  келіп түскен. Зардап шеккендердің қатарында үш кәмелетке толмаған және екі ересек адам бар. Олардың барлығы әртүрлі дәрежеде жарақат алды, екеуі шок күйінде болды. Құтқарушылар зардап шеккен бес адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Алтынсарин аудандық орталық ауруханасына  жеткізді.

 

Жаңалықтармен бөлісу