Қайғылы оқиға туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
“Жол апаты 10 маусымда Қостанай ауданының Жамбыл ауылы маңында болды. Көлік тізгініндегі 30 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегіне түсіп кеткен, жылдамдықпен келе жатқан көлік қатты соққыдан бірнеше рет аунап түскен”, – делінеді хабарламада.
Апат салдарынан көлік жүргізушісі және бір жолаушы көз жұмды. Түрлі жарақат алған тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалған.