Ольга Ерпенова зейнеткерлік жасқа дейін ауданда ұстаз болған. “Қостанай таңын” 2000 жылдан жаздырып алады.
“Газет бетінде қызықты материалдар жиі жарияланады. Көбіне тарихи мақалалар мен жаңалықтарды іздеп отырамын. Алғашқы онлайн ұтыс ойынының жеңімпазы болғаныма қуаныштымын”, – дейді Ольга Сағындыққызы.
Ольга Сағындыққызы зейнеткерлікке шықса да балабақшада қазақ тілінен сабақ береді. Ұтыс иегеріне аудандық ішкі саясат бөлімі “Қостанай таңының” ыстық сәлемін жеткізіп, арнайы 10000 теңге сыйлықты табыс етті.