Бұл туралы ҚазАвтожол бүгін сағат 08:00 жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарларды. Олардың арасында Жітіқара ауданы Мариновка ауылының жолы да бар.
“Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 62 арнайы техника мен 96 маман жұмылдырылды. Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш – Ембі- Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығындағы жол (Қандыағаш қаласы – Ембі қаласы), Қостанай облысындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақтағы жол (РФ шекарасы), Солтүстік Қазақстан облысындағы «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығындағы жол (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін) жабық”, – делінген ресми ақпаратта.