Жітіқарадағы қайғылы оқиға: өңір басшысы ауданға арнайы барды

Жітіқарадағы қайғылы оқиға: өңір басшысы ауданға арнайы барды

Бүгін таңертең Жітіқарада өрт шығып, бес бірдей бүлдіршін қаза тапқанын хабарлаған едік. Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақалов дереу өңірге барып, жедел кеңес өткізіп, оқиғаның себептерін жан-жақты тексеруді тапсырды.

Аймақ басшысы қаралы отбасына көңіл айтып, барлық қажетті көмек көрсетілетінін ескертті. Қазіргі уақытта отбасымен психологтар жұмыс істеп жатыр, балалардың үлкені – 2011 жылы туған жеткіншек зардап шекпеген, отбасы уақытша тұрғылықты жермен қамтамасыз етіліп, материалдық көмек көрсетілетін болады. Бұл жағдайда ең өкініштісі, балалардың қараусыз қалғаны.

Жаңалықтармен бөлісу