Логистика мүмкіндіктерін кеңейту – экономикалық өсімнің драйвері

Логистика мүмкіндіктерін кеңейту – экономикалық өсімнің драйвері

Транзиттік әлеуетті арттыру – Қазақстанның геосаяси артықшылығы. Президенттің теміржол және әуе логистикасын дамытуға ерекше назар аударуы – дұрыс қадам. Бірақ бұл жобаларды тиімді іске асыру үшін инвестициялық серіктестермен келіссөздерді күшейту қажет.

Тасымал инфрақұрылымын жаңарту және цифрландыру саланы жаңа деңгейге көтереді.
Осы бағытта жаңа халықаралық логистикалық орталықтарды құру және көлік дәліздерін әртараптандыру мәселесі аса маңызды. Қазақстан Еуразия құрлығының жүрегінде орналасқандықтан, Қытай, Еуропа және Орталық Азия арасындағы жүк тасымалында маңызды рөл атқарады. Сондықтан теміржол жүйесін жаңғыртып, әуе тасымалдарының мүмкіндіктерін кеңейту – экономикалық өсімнің маңызды драйверіне айналуға тиіс. Мемлекет пен жеке сектордың әріптестігін нығайтып, халықаралық тасымалдаушылар үшін бәсекеге қабілетті тарифтік саясат жүргізу қажет.

Қырмызы ЖАҢБЫРШИНА,
Қостанай облыстық мәслихат депутаты

Жаңалықтармен бөлісу