Жітіқарада даму ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеті алты айдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Ол 2022 жылы 12-ші мектептің ішінен ашылған болатын. Енді олардың саны арта түспек.
Әзірге, бұл Жітіқара ауданындағы жалғыз кабинет. Жоба “Дара” жеке республикалық қайырымдылық қорымен бірлесіп іске асырылды.
Анықтама үшін айта кетейік, инклюзия дегеніміз – физикалық дамуында қиындықтары бар, соның ішінде мүгедектігі немесе психикалық ерекшеліктері бар адамдарды қоғамның белсенді өміріне араластыру процесі.
Мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді бастауыш сыныптардың 6 баласы алса, оларды 6 педагог-ассистент сүйемелдейді, сондай-ақ логопед, психолог және дефектолог жұмыс істейді. Әрбір осындай ерекше балаға портфолио құрылып, жұмыс жоспары жасалады. Бірақ бұған дейін Рудныйда мектеп консилиумы және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес өткізіледі. Егер оқушыға сабақта көмекші мұғалімнің сүйемелдеуі көрсетілсе, онда ол сәйкесінше әр балаға бекітіледі. Мұғалімдердің әрқайсысы оқу күнінде өзінің қамқорлығындағы баламен кездеседі және оны оқу күні өзімен ертіп жүреді. Онымен бірге сабақта отырады, оның жағдайын бақылайды. Егер бала шаршаса, тәлімгер онымен бірге инклюзияны қолдау кабинетіне барады және сол жерде ойын түріндегі релаксация жүргізеді. Ол “Математикалық есептерді шешіңіз, оқыңыз, сурет салыңыз” деген сияқты сауалдар төңірегінде өрбиді. Мұғалімдер қажет болған жағдайда сөйлеуді түзетумен және тіпті дене шынықтырумен айналысады.
Ресурстық орталықтар аймақтар бойынша бөлінеді. Олардың әрқайсысында бала бүкіл сыныппен қайтадан сабаққа кірісуге дайын болғанға дейін мұғалім оқушымен жеке-жеке айналысады. Келесі оқу жылында үш балаға педагог-ассистентті сүйемелдеу ұсынылды, олардың бірі аутизм спектрі бұзылған бала, тағы 4 бала жазғы кезеңде психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияға жазылды. Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы осылайша ерекше қажеттіліктері бар балаларға мамандардың көмегін, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жәрдемін алуға мүмкіндік береді.
Әзірге ТБИ тек 12-ші мектепте жұмыс істейді, өйткені онда даму ерекшеліктері бар балаларға арналған сыныптар бар. Болашақта мұндай кабинеттер әр мектепте пайда болуы мүмкін.
Мектептерде мұндай орталықтар ашуға шамамен 1,18 млн теңге жұмсады. Бұл қаражатқа интерактивті панель, ламинат, роликті перделер сатып алынып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. “Дара” қоры есебінен 1,7 млн теңге сомасына дидактикалық материалдар, жиһаз, кілемдер, төсеніштер, әдістемелік әдебиеттер сатып алынды.
@gazetakm