“Қостанай минералдары” АҚ қала құраушы кәсіпорны спортта да, мәдениетте де, білім беруде де өз дәстүрлеріне бай. Жыл сайын “КМ” АҚ кәсіпорын күні қарсаңында өткізілетін қалалық пәндік олимпиада да дәстүрге айналды.
Биыл Болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін дамытуға және дарынды студент жастарды қолдауға бағытталған олимпиада алтыншы рет өткізілуде. Оған жылдан-жылға Компанияның әлеуметтік серіктестерінің бірі – Жітіқара политехника колледжінің студенттері қатысады.
Бұл жолы “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” мамандығын меңгерген студенттер өз қабілеттерін көрсетті. Олимпиада бағдарламасы екі кезеңнен тұрды – теориялық және практикалық. Бірінші байқауға қатысушылар арнайы пәндер бойынша тестілеу сұрақтарына жауап берді (Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу, еңбекті қорғау бөлімдері бойынша).
Олимпиаданың практикалық бөлігіне ең көп ұпай жинаған 8 адам жіберілді. Олар үш модуль бойынша тапсырмаларды орындауы керек еді. Тапсырма оңай болған жоқ, балалардың әрқайсысы барынша жасап көруге талпынды. Бірақ кез келген жарыс сияқты, жеңімпаздар да осындайда шешіледі. Диас Шильдибаев бірінші орын үшін Диплом және 150000 тг көлемінде ақшалай сыйлық алды, екінші орын үшін диплом және 100000 тг ақшалай сыйлық Андрей Фризенге бұйырды, үшінші орын үшін дипломмен және 50000 тг ақшалай сыйлықпен Максим Соколов марапатталды. Сонымен қатар, осы студенттердің әрқайсысы “КМ” АҚ-да ақылы тәжірибеге қабылданады және жұмысқа орналасуға басым үміткер саналады.
Екінші кезеңнің қалған қатысушылары да назардан тыс қалмады. Оларға 10000 теңге көлемінде жұбаныш ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Жітіқара ауданы
@gazetakm