Жерлестеріміз Жапониядан олжалы оралды

Жерлестеріміз Жапониядан олжалы оралды

Қостанайлық теннисшілер Токиода өткен Сурдлимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды. Ерлер құрамасында Данияр Искендиров, Қанат Конқубаев, Абылай Бүркітбай және Бижан Төлебаев өнер көрсеткен еді. Бүгін әлемдік доданың қола жүлдегерлерін жерлестері құшақ жая күтіп алды.

blank

blank blank blank blank

Данияр Ескендіров пен Қанат Қоңқубаев сурдлимпиаданың үш дүркін қола жүлдегері атанса, Абылай Бүркітбай бұл нәтижеге осымен екінші рет қол жеткізіп отыр. Бұған дейін Бразилияда ел қоржынына медаль салған Абылай бір қызығы спортты биден бастаған. Ол туралы теміржол вокзалына күтіп алуға келген Абылайдың анасы Анар Асқарова айтты.

blank

«Абылай осымен екінші рет әлемдік додаға барып келіп жатыр. Спортқа кішкентай кезінен келді. Әуелі биден бастады. Одан гимпаститкаға, футболға барды. Ең соңында үстел теннисіне тоқтады. Себебі мектептің директоры Серік Исламұлы үстел теннисін қатты қолдайды. Содан баламның осы спортқа деген қызығушылығы артып, Бразилия төрінен бір-ақ шықты. Ол кезде де жүлдесіз оралған жоқ. Бүгін міне, Жапонияда өткен сурлимпиададан жүлделі үшінші орын алып келіп жатыр. Еліміздің мақтанышына айналған жастарымызға көп рақмет айтқым келеді. Біз негізі Жангелдин аудананбыз. Абылай туғаннан бері осы жақта тұрып жатырмыз», – дейді Анар Асқарова.

Облыстық дене шынықтыру спорт басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Наталья Сухачева өңірдегі көрсеткіш жылма-жыл өсіп келе жатқанын айтып, сурдлимпиада жүлдегерлеріне табыс тіледі.

blank

«Осымен үшінші сурлимпиададан біздің споршыларымыз үлкен нәтиже көрсетіп жатыр. Алғаш рет 2017 жылы Түркияда өткенде Қанат Қонқубаев пен Данияр Ескендіров қола жүлде алған еді. Осының алдындағы әлемдік додада олардың қатарына Абылай Бүркітбай қосылды. Биыл төрт бірдей атлетімізді күтіп алып жатырмыз. облысымыздың көрсеткіші осылай өсіп келеді. Осы жерде айта кетерім, облыс құрамынын биыл сегіз адамды Жапон еліне аттандырдық. Жүзу спорты мен жеңіл атлетикадан да спортшыларымыз бақтарын сынап келді», – дейді Наталья Сухачева.

Иә, бүгін құрама бапкері әрі интернат директоры лауазымын қатар алып жүрген Серік Исламұлының қуанышын сөзбен айтып жеткізу қиын.

blank

«Бұл біздің үшінші олимпиадамыз!», – деді эиоциясын жасыра алмай. – Алғашқысы кеше ғана Түркияда өткене сияқты еді. Содан бері де он жылға таяды. Сол кезде қатты қуанғанымыз-ай. Бразилияда, Токиода үшін орын алып жатырмыз. мерейіміз тасып, еселенді. Қолдау көрсеткен басқарма мен әкімдікке, мүгедектер клубына алғыс айтамыз. Бұл ұжымдар үстел теннисіне жақсы назар салып отыр», – деді Серік Исламұлы.

blank

Топтық кезеңде команда Колумбия (3:0) және Польша (3:1) құрамаларын сенімді түрде жеңді. Ширек финалда қазақстандықтар Үндістан құрамасын 3:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда Қытай құрамасынан — 0:3 есебімен жеңіліп, турнирдің қола медалін жеңіп алды

Айбек ЖҮЗБАЙ