Жерлестеріміз республикада топ жарды

Жерлестеріміз республикада топ жарды

Қостанайдағы «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 11-ші сынып оқушылары Айжан Аманжолова мен Рабиға Ақалтаева республикалық байқаудан қос бірдей алтын медальмен оралды.

Айжан мен Рабиғаның Тараз қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында қорғап шыққан тарих, этномәдениеттану бағытындағы жобалары үздік деп танылды.

“Заман күн өткен сайын дамып жатыр, сол ілеспе заманда ұлттық мәдениеттерімізді бүгінгі заманға бейімдеп, әлемдік өркениетке өз тарихымыздың археологиялық жәдігерлердің тарихи ерекшеліктерін виртуализациялауға тиіспіз”, – дейді Айжан мен Рабиға.

Өрен ғалымдар “Виртуалды әлемдегі археологиялық мұражай” тақырыбындағы күрделі жобаларды қорғап шықты. Жоба жетекшесі, тарих магистрі, тарих пәні мұғалімі Нұрымжан Қайырғали Қайратұлы.

“Біз осыған орай өз тәжірбиеміздің одан әрі жүзеге асатынына сенімдіміз. Археологиялық мәдениеттерді таңдау ареалы дайын тұр. Жұмыстарымыздың бір бөлігі Көкшетаудағы «Ботай Мемлекеттік Тарихи Мәдени Мұражай Қорығы» базасында өтеді. Әзірге теориялық ақпаратты кеңейтуге талдау жасап жатырмыз”, – дейді Нұрымжан Қайратұлы.

Осы орайда ғылыми кеңесші, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Айбек Шалғымбековтің де айтары көп.

“”Ботай” мәдениетінің археологиялық жәдігерлерін 3D модельдеу жоспарда бар. Ол үшін оқушыларымыз арнайы өнім дайындауға кіріседі. Барлық материалдарды зерттелді. А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ РhD докторы, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, “Ботай” мәдениетін зерттеуші Рауан Байдалымен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. ҚР мәдениет және спорт министрлігі БМТММҚ зерттеу жұмысшысы Қуаныш Әбілмәліков , Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері, архезоолог Мәмбет Шегербаевпен тығыз жұмыс жасадық. Археологиялық нысандар 3-D форматында түсіріп, өңделген. Археологиялық жәдігірлердің аудиогиді жасап шығарылды. Бұл жұмыстарды А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ 3 курс студенттері арасында сынап көрдік. Нәтижесі ойдағыдай”, – дейді Айбек Батырханұлы.

Айбек ҒАЛЫМҰЛЫ

Жаңалықтармен бөлісу