Жерлесіміз «Ел анасы» атанды

Жерлесіміз «Ел анасы» атанды

Жазушы, ф.ғ.к., халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Камал Әлпейісова 70 жас мерейтойын туған жер төсінде шығармашылық кешімен айшықтады.

  Салтанатты шақта мерейтой иесін қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтап, иығына шапан жапты. Қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі  Ұлттық комиссияның мүшесі, ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи мерейтой иесі Камал Әлпейісоваға кеңестің мәртебелі атағы «Ел анасы» атағын табыстады.

  Қалалық мәдениет сарайының әншілері Камал Әбілқасымқызының сөзіне жазылған Мақсат Жәутіковтің «Қызыма тілек», «Ана әлдиі», Шолпан Қорғанбектің «Қазақстан жастарының гимні» әндерін орындады. Жастар ақын апаларының жүрекжарды жырларын таласа оқыды.

blank

  Камал апайды ел ең алдымен аудармашы ретінде жақсы біледі. Ілеспе аударманың теориясын жасап, тіліміздің шырайын шығарып жүрген аудармашы. Алғашқы республикалық «Үздік аудармашы» байқауының жеңімпазы.Заманында Әбіш Кекілбаев секілді алпауыттардың сөзін тамаша тәржімелеп, ризашылығын алған. Сенат қабырғасында Қарашаш Исмайлова, Гүлнар Салықова сияқты майталман аудармашы шәкірттер тәрбиелеген.

blank

«Қазақ тілінен орыс тіліне ілеспе аударма жасаузаңдылықтары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

 «Ілеспе аударма жасау — аудармашы шеберлігінің шыңы» атты ілеспе аударма жасаудың теориялық және практикалық негіздеріне арналған оқу-әдістемелік құрал жазған. Әлемдік әдеби шығармаларды да тәржімелеген. Белгілі қазақ ақындарының туындыларын орыс тіліне аударған.

blank

Камал Әлпейісова қазақ прозасына елеулі үлесін қосып, қазіргі қоғамға ізгілік жолын, рухани құндылықтарды насихаттайтын өзекті әңгіме, повестер жазып жүрген қаламгер. Қаламы қарымды публицист, шабытты ақын.

2023 жылы «Жүрегімде жасырған жырларым» атты жыржинағы жарық көріп, сол кітабы үшін 2025 жылы халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын алған.
blank

 «Қыз бала елдің көркі» деген халқымыздың төркіндеп келген апамызды қарсы алып, қошемет көрсетуі — қазақ дәстүрінің үзілмей жалғасып жатқанының көрінісі.

  Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар Камалапайымыздың абыройы – елдің мерейі, халықтың қуанышы»,-дейді дарынды тұлғаның шығармашылық кешін жүргізген талантты ақын, Қазақстан ЖазушыларОдағының мүшесі Батырлан Сағынтаев.

МҰРАТ ЖҮНІСҰЛЫ