«Жер аманаты» партиялық жобасын іске асыру жұмыстары қарқын алып жатыр

«Жер аманаты» партиялық жобасын іске асыру жұмыстары қарқын алып жатыр

Облыста аймақтық «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері жергілікті жерлерге шығып, ауыл тұрғындарымен кездесуде. Олардың арыз-өтініштерін тыңдап, көшпелі отырыстар барысында қордаланған мәселелердің оң шешімін табу үшін жұмыс атқарып жатыр.
Маусым-шілде айларында комиссия мүшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Алтынсарин, Сарыкөл, Қарасу, Қарабалық, Федоров, Науырзым, Әулиекөл, Жітіқара, Қамысты, Б.Майлин, Денисов аудандарында ауыл тұрғындарымен және жер пайдаланушыларымен кездесулер өткізді.
«Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша облыстық “Жол картасында” биыл мемлекеттік меншігіне 330 мың гектар жерді қайтару жоспарланған. Ағымдағы жылдың басынан бастап, бүгінге 182,5 мың гектар жер қайтарылды. Оның 20,2 мың гектары егістік, 162,3 мың гектары жайылымды жерлер.
​Ауыл тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі жайылым болғандықтан, кездесу барысында елді мекендердің айналасындағы мал бағатын жердің жетіспеушілігі туралы жиі айтылады. Бұны назарда ұстау комиссияның маңызды міндеттерінің бірі. Әр ауылдың маңындағы жайылымдарды 10-15 шақырымға дейін кеңейту қарастырылуда.  Тағы бір мәселе, ауыл әкімдері мен жергілікті қоғамдастықтардың бұл жайылымдарды дұрыс ұстауға қаржылық және техникалық мүмкіндіктері жоқ, сондықтан олар деградацияға ұшырап жатыр. Бұл мәселені шешу үшін Республиканың бірқатар Заңдарына өзгерістер енгізу қажет. Казір бұл бағытта «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері мәслихат депутаттарымен бірлесіп, жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.

Жаңалықтармен бөлісу