Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстандықтардың өтініштерін елемегендіктен FlyArystan әуекомпаниясына қатысты талап-арыз дайындау туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Tengritravel.kz.
“Қазіргі уақытта комитет FlyArystan авиакомпаниясына қатысты оннан астам тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты талап қоюды бастау бойынша іс-шаралар жүргізуде. Оған себеп FlyArystan әуекомпаниясының атына келіп түсетін өтініштер болып отыр. Әдетте, жолаушылар авиакомпанияның кеңселеріне телефон қоңыраулары, әуежайлар арқылы жазбаша өтініштер, сондай-ақ әлеуметтік желілер сияқты өздеріне ыңғайлы байланыс түрлерін пайдаланады. Өтініш білдіргендердің барлығы өз құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау отырып, пайдаланылмаған авиабилеттер үшін ақшалай қаражатты қайтаруды талап етеді. Бірақ авиакомпанияның өтініштері еленбей отыр. Тоқтатылған рейстер бойынша ақшалай қаражат та төленбеген”, – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.