Қостанай қаласында біз қолға алып отырған жобалар көп. Солардың бірқатары туралы нақтылай кеткенді жөн танимыз. Облыс орталығында шағын өнеркәсіптік аймақта өңдеу өнеркәсібімен айналысатын шағын және орта бизнес үшін барлық қолайлылық жаслатын жобаларды жүзеге асырудамыз. Мәселен, негізгі бағыт ретінде жиһаз және тігін өнеркәсібіне баса ден қойып отырмыз. Бұл жобалар арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады. Қазір жобалар жүзеге асу үстінде. Олардың әрқайсысы келер жылдың басында іске қосылуға тиіс. Егер жиһаз өндірісі жобасын мысалға алар болсақ, бұған 6 млрд теңге қарастырылып отыр. Жүз адам жұмыспен қамтылады. Ал тігін өнеркәсібі саласындағы жоба аясында 500 жұмыс орыны құрылмақ. Айтылмыш жобаларды Даму институты аясында Өнеркәсіпті дамыту қоры аясында «Тобыл» ӘКК қаржыландырып отыр. Субсидия түрінлегі пайздық мөлшерлеме жоба жүктемесін әлдеқайда жеңілдетеді.
Бұдан бөлек, Даму институты «Большевичка» ЖШС-не тігін құрылғы-жабдықтары арнаулы лизинг бойынша тартылып жатыр. Жоба құны – индустиряландыру картасы бойынша 1,8 млрд теңге. Бұл да біз жұмыс істегелі соңғы жылдары жеңіл өнеркәсіпке құйылған елеулі әрі маңызды инвестиция. Осы арқылы кәсіпорын жаңғырудың жаңа деңгейіне көтерілді деуге болады. Бұрын-соңды жарық көрмеген жаңа өнімдердің бірнеше бағыттары іске қосылып жатыр.
Бұл жобалардың басты әлеуметтік әсері – жұмыс орнының көбеюі. Сондай-ақ «Большевичка» ЖШС жанында оқу орталығы бар, ол да кеңейе түседі. Сөйте келе, таяу болашақта осы кәсіпорынға қажетті мамандар дайындайтын жаңа колледж құрылуы мүмкін. Мұнымен қоса, өндірістік жатақхана пайда болады деген де жоспар бар.
Мемлекет және облыс әкімдігі тарапынан осындай жобалар үшін, инвестиция тарту, жаңа өндірістік кластерлер құру жағынан зор қолдаулар көрсетіліп отыр.
Арсен Жетпісбаев,
«Бестекс» ЖШС құрылтайшысы