Жеке мәліметтердің қауіпсіздігі маңызды: Мәжілісте Цифрлық кодекс жобасы таныстырылды

Жеке мәліметтердің қауіпсіздігі маңызды: Мәжілісте Цифрлық кодекс жобасы таныстырылды

Парламент Мәжілісінің қарауына Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі жобасы мен оған ілеспе заң жобалары енгізілді. Бұл туралы KAZINFORM хабарлады.

Аталған құжаттар Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру үшін әзірленген. Кодекс жобасына және онымен байланысты заңдарға Парламент депутаттары бастамашы болған. Құжат 10 тараудан тұрады және ол цифрлық ортадағы қатынастарды реттеуге бағытталған.

– Бұл құжат жобалары цифрлық ортадағы қатынастарды, оның ішінде құқықтық қатынастар объектілерінің түрлері, цифрлық орта субъектілері, цифрлық сәйкестендіру және бақылау, тәуекелдерді басқару бойынша мәселелерді реттеуге, цифрлық ортада жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, – деді Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов.

Сонымен қатар жобада мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидаттарын айқындау және сақтау тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу көзделген.

Депутаттар атап өткендей, Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеуге дайын.

Көрнекі сурет ЖИ көмегімен салынды