«Бақытты отбасы – бақытты ел» атты республикалық акция өтіп жатыр

«Бақытты отбасы – бақытты ел» атты республикалық акция өтіп жатыр

Іс-шара Қостанай өңірінде кең ауқымда ұйымдастырылып отыр. Осы ақцияны облыстық полиция департаментінің жаңадан құрылған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімі және Қостанай қаласы полиция басқармасы қызметкерлері тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарымен және құқық бұзушыларымен профилактикалық жұмыстар жүргізуде.Акция аясында полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына да, сондай-ақ агрессия көрсететін азаматтарға да түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Негізгі мақсат – отбасылық-тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтарды болдырмау, аналар мен балаларды қорғау, қоғамда отбасының рөлін нығайту.

– Біз үшін ең бастысы – әрбір отбасының тыныштығы мен қауіпсіздігі. Қазіргі уақытта біздің бөлім мамандары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, профилактикалық әңгімелер жүргізіп келеді. Акцияның басты міндеті – зорлық-зомбылық фактілерін ерте анықтап, алдын алу және азаматтарға заң аясында көмек көрсету, – деді Қостанай облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің басқармасы отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Мадина Валиева.

Полиция қызметкерлері егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, үнсіз қалмауға шақырады.
Көмекке жүгіну үшін:
«102» – полиция;
150, 111 – сенім телефондары;
55-81-29 – жергілікті желі нөмірі.