Қою түтін кең даланы басып, атылған оқтар мен зеңбіректер табиғаттың бір бөлігі ретінде минут сайын құлаққа үрей беріп, жағымсыз естілуде. Жас солдат, қасындағы майдангерлеріне жалт-жұлт қарап, барлығының жүрегінде бір қорқыныш барын сезеді. Қолдағы суық қарудың қанша фашистің өмірін қиғаны белгісіз. Алайда жаудың бұл күні Советтің қанша солдатың өмірден айырғаны жайлы Левитанның сөзінен анық естіледі. Барша төрткүл әлемнің үрейін туғызған сұрапыл соғыстың анық көрінісінің бірі осындай.
Төрт жылға созылған сұрқия соғыста елі мен жерің жаудан қорғап, фашистерге қарсы тұрған менің атам Байқоныс Мұхамеджанұлы да болған. Атам 1914 жылы Наурызым ауданы Қайғы (қазіргі атауы Мереке) ауылында дүниеге келген. Майданға шақыру орны – Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді аудандық әскери комиссариаты. Әскери бөлімі – 595-ші атқыштар полкі, 188-ші атқыштар дивизиясы. Майданға қабылданған күні – 1942 жылдың 5 шілдесі. Әкемнің деректері бойынша, Байқоныс атам моторлы пулеметті-артиллериалық бригаданың сапында болған. Байқоныс атам үш жерден жараланып, денсаулығының жарамсыздығына байланысты ұрыс аланынан шектетілген.1943жылдың 3тамызында “Ұлы Отан соғысының 1-дәрежелі” орденімен марапатталады. Соғыстан оралған соң біраз лауазымды қызметтерде жұмыс атқарған. Толықтай деректерді Сұңқар қажы Оспанұлы “Тоқымбет ұрпақтары” кітабында баян етеді:
“Байқоныс танымал әнші Мұхамеджанның отбасында туған.Әншілік өнер әкесінен дарыған. Қазақтың халық әндерін добрының сүйемелденумен шебер орындаған.Мыржақып Дулатов пен Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығымен етене таныс болған.1936 жылы құрылған Амангелді ауданындағы театрға белсенді түрде қатысады.1938 жылы Алматы қаласында өткен әншілердің республикалық конкурсында Нұрхан Ахметбековтен кейін екінші орын алады.1970 жылы Қостанай облыстық фелармониясын басқарды.Облыстың мәдениет саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты.Әскерден босатылған соң өзінің туған ауылына оралды.Алғабас селолық Кенесінің төрағасы,колхоздың төрағасы болды. «Дәмді», «Кустанайский комсомолец» совхоздарын құруға қатысты.Аудандық еңбекші депутаттар Кеңесінің сайлауы бойынша №48 Бестамақ сайлау округінің сайлау комиссиясының төрағасы (1969), бөлімшесінің басқармасы болды. Заман түзеліп, бейбітшілік орнаған уақытта « Ұлы Отан соғысынын ардагері» орденімен марапатталды, Ұлы Жеңіске 20, 30, 40 жылдық мерейтойлық медальдарымен, «СССР Қарулы күштерінін 50 және 60 жылдық», «1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қаһармандык еңбегі үшін» медальдармен марапатталды.Жұбайы Бияжанмен бірге Орал, Ораз, Құралай, Әміре, Қарльгаш, Әлім, , Мүсілім, Қаршыға, Мұрат, Қарашаш, Марат, Қаракөз, Қанымкөз және Кенжегүл атты балаларын жеткізін, ұлдарын үйлендіріп, қыздарын тұрмықа беріп, немере-шөбере сүйді. Байқоныс Мухаметжанұлы 1994 жылы дүниеден өтті.”
Дәуіт Байғонысов,
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ журналастика кафедрасының 1-курс студенті